Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Дойбыдан Іріктеу жарысы
10 қазан 2025
3
0
0

Дойбыдан Іріктеу жарысы

2025 жылғы 9 қазан күні Дене тәрбиесі орталығында академияның спорт құрамына іріктеу мақсатында дойбы ойыны бойынша жарыс ұйымдастырылды.
Дойбы – ойлау қабілетін, логикалық және аналитикалық ойлауды, сондай-ақ саусақ моторикасын дамытатын зияткерлік спорт түрлерінің бірі. Қарапайым ережелерге негізделгенімен, дойбыда жеңіске жету үшін жоғары деңгейдегі сабырлылық, шапшаңдық және оңтайлы шешім қабылдай білу қажет.
Жарыстың негізгі мақсаты – білім алушылар арасында дойбы ойынын насихаттау, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және дарынды жастарды анықтау болды.
Аталған іріктеу жарысына 28 білім алушы қатысып, өздерінің ептілігімен, жылдам шешім қабылдау қабілетімен ерекшеленді. Нәтижесінде алғыр, жинақы және шапшаң ойнай білетін жастар іріктеліп, болашақта қалалық спартакиадада академияның намысын қорғайды деген сенімдеміз.

Пікірлер орны (0)