«Фармация» факультеті В-ФО-04-21 тобы 5-курс студенттері «Дәрілік заттарды стандарттау» пәні бойынша дуальды оқытудан өтті.

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқытушылары осы пән бойынша дуальды оқыту бағдарламасын әзірледі, ал студенттерге «BioEtica» ЖШС сынақ орталығы базасында лабораториялық сабақтан өту мүмкіндігі берілді. Мұндай формат болашақ фармацевтика саласының мамандары үшін академиялық дайындықты нақты тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Сабақ барысында студенттер әртүрлі дәрілік түрлердің сапасын бақылау және стандарттау бойынша теориялық білімдерін жан-жақты меңгеріп, бекітті. Атап айтқанда, білім алушылар төмендегі дәрілік түрлермен жұмыс жасады:
• таблеткалар мен капсулалар,
• суппозиторийлер,
• парентеральді енгізуге арналған дәрілік түрлер (инъекциялық ерітінділер),
• кремдер және жұмсақ дәрілік түрлер.
Сонымен қатар, талдау және сапаны бақылау әдістеріне меңгеруге ерекше назар аударылды. Білім алушылар заманауи аналитикалық қондырғылармен жұмыс жасай отырып, өздерінің теориялық білімдерін практикалық дағдылармен бекітті, атап айтқанда:
• дәрілік заттардың тазалығын анықтау;
• спектральдық және хроматографиялық зерттеулер сияқты физика-химиялық әдістерді қолданып, сандық анықтау жүргізу;
• әртүрлі фармацевтикалық препараттардың сапасын бақылау процесіне тікелей қатысу.

Нәтижесінде болашақ фармацевттер тек теориялық базаны бекітіп қана қоймай, кәсіби қалыптасуы үшін аса қажетті практикалық тәжірибе де жинақтады. Мұндай тәжірибе дәрілік заттарды өндіру және стандарттау процестерін терең түсінуге, сондай-ақ болашақ фармацевт-аналитиктер үшін аса маңызды жауапкершілік пен ұқыптылықты қалыптастыруға көмектеседі.
Сабақты ұйымдастыру және өткізуге жауапты тұлға - физика-химиялық зертхана меңгерушісі Сұлтанбекова Сауле Төрегелдіқызы студенттерді әдістемелік ақпараттармен қамтамасыз етіп, бағдарламаны тиімді меңгеру үшін барлық жағдайды жасады.

Қорыта айтқанда, «BioEtica» ЖШС сынақ орталығына студенттерді жылы қабылдағаны, оқу процесін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және құнды тәжірибелік дағдылар алуға мүмкіндік бергені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Орталық заманауи талдау және сапаны бақылау әдістерін үйретуде зор қолдау көрсетті, бұл сөзсіз жоғары білікті фармацевт мамандарын қалыптастыруға септігін тигізеді.