Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «EduCampShym» жобасы аясында о...
11 маусым 2026
1
0
0

«EduCampShym» жобасы аясында оқушылар «ОҚМА» АҚ жұмысымен танысты

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына қаладағы №103, 105, 138, 145, 143, 141, 131, 144, 132 және 137 мектептерден 50-ден астам оқушы келіп, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған 2023 жылғы Жолдауында балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау және кәсіби бағдар беру мәселелеріне ерекше назар аударылған болатын. Осы мақсатта қалалық жастар саясаты басқармасының бастамасымен «EduCampShym» жобасы қолға алынып, қала мектептерінің 9–10 сынып оқушыларына жоғары оқу орындарының тыныс-тіршілігімен танысып, болашақ мамандықтары туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік берілді. 

Жоба аясында ОҚМА-ға келген оқушылар алдымен оқу орнының мұражайын аралап, кейін кітапханаға барды. Сонымен қатар, олар академияның материалдық-техникалық базасымен, заманауи зертханаларымен, оқу аудиторияларымен танысты. Оқушыларға тәжірибелік сабақтар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, медициналық мамандықтардың қыр-сыры кеңінен таныстырылды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің кәсіби бағдарын қалыптастыруға, мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына және өз болашағын дұрыс жоспарлауына ықпал етеді.

Пікірлер орны (0)