Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Екпе - қоғамдық денсаулық кепі...
24 қыркүйек 2026
1
0
0

Екпе - қоғамдық денсаулық кепілі

Гигиена және эпидемиология кафедрасында доцент м.а. З.И.Бейсембаева 3 курс «Медицина» мамандығы бойынша білім алушыларға гигиена және эпидемиология пәндерінде профилактикалық екпелер туралы теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту, екпе жүргізу тәртібімен және екпе кабинетіндегі жұмыс ұйымдастырылуымен таныстыру мақсатында сабақты емдеу - профилактикалық мекемелерінің бірінде өткізді.
Сабақ барысында білім алушылар емханадағы профилактикалық екпе жүргізу тәртібімен танысты. Екпе кабинеті жұмысының ұйымдастырылуы, санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, екпеге пациентті дайындау және медициналық құжаттарды толтыру тәртібі қарастырылды.
Білім алушылар профилактикалық екпелердің маңыздылығы, екпе түрлері, екпе жүргізуге көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар екпеден кейінгі ықтимал реакциялар және асқынулар кезінде көрсетілетін медициналық көмек туралы түсіндірілді.

Сабақ барысында білім алушылар медицина қызметкерлерінің жұмысын бақылап, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Сабақ соңында білім алушылардың тақырып бойынша білімдері қорытындыланып, сұрақтарына жауап берілді.

Пікірлер орны (0)