Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Еңбек – ерлікке бастар жол» а...
19 мамыр 2026
1
0
0

«Еңбек – ерлікке бастар жол» атты дөңгелек үстел

“Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер” кафедрасының доцент м.а. О.А.Туребаев 2 курс Медицина БББ студенттерімен «Еңбек – ерлікке бастар жол» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында еңбекқорлық, жауапкершілік, кәсіби дамуға ұмтылу және адал еңбектің қоғамдағы маңызын насихаттау болды. Сонымен қатар студенттердің еңбек құндылықтары туралы түсінігін кеңейтіп, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел барысында оқытушы еңбек ұғымының тарихи және әлеуметтік мәніне тоқталып, еңбек адам өміріндегі басты құндылықтардың бірі екенін атап өтті. Әсіресе медицина саласында табысқа жету үшін үздіксіз оқу, ізденіс және қажырлы еңбек қажет екені ерекше айтылды.
Студенттер тақырып аясында өз ой-пікірлерімен бөлісіп, еңбек адамын құрметтеу, кәсіби шеберлікті арттыру және болашақ маман ретінде жауапкершілікпен қарау мәселелерін талқылады. Пікір алмасу еркін форматта өтіп, сұрақ-жауап сессиясымен жалғасты.
Іс-шара соңында ұйымдастырушы мұндай кездесулер студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, оларды адал еңбекке баулуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Пікірлер орны (0)