
2025 жылғы 16 қыркүйекте неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасында 5 курс студенттерінің — ЖМҚА-06-21, ЖМҚА-07-21 және ЖМҚБ-07-21 топтарының ғылыми жобаларын қорғауы өтті.
Болашақ дәрігерлер неврологиялық тәжірибедегі өзекті тақырыптарға арналған зерттеу жұмыстарын ұсынды. Жобалар келесі ауруларға арналды:
• Эпилепсия
• Мигрень
• Геморрагиялық инсульт
Қорғау қазақ тілінде өтті, бұл медициналық ғылымды ана тілімізде дамыту мен кәсіби терминологияны еркін меңгерген мамандар даярлаудың маңыздылығын айқындайды.
Қорғауға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты:
• Доценттер: Еркебаева С.К., Мұстапаева Г.А., Полукчи Т.В.
• Ассистенттер: Есетова А.А., Төлебаева Г.Е.
Оқытушылар ұсынылған жобалардың ғылыми деңгейін, зерттеулердің логикалық құрылымын және студенттердің сенімді сөз сөйлеуін жоғары бағалады. Әсіресе болашақ дәрігерлердің күрделі клиникалық жағдайларды терең түсінуге және олардың пациенттердің өмір сапасына әсерін зерттеуге деген ұмтылысы ерекше атап өтілді.
Кафедра студенттердің ғылыми белсенділігін дамытуды, олардың бастамаларын қолдауды және зерттеушілік бағыттағы ынталарын арттыруды жалғастырады.