Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ...
15 қыркүйек 2025
5
0
0

«ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ІС ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ» ПӘНІ БОЙЫНША ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ТУРАЛЫ

"Фармацевтикалық істі ұйымдастыру және басқару" кафедрасында дуалды оқыту шеңберінде "Фармация" мамандығының 5 курс білім алушыларында "Фармацевтикалық ұйымдарда тексерулер жүргізудің құқықтық негіздері" тақырыбы бойынша Шымкент қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде практикалық сабақтар өтті.  Комитеттің негізгі қызметі медициналық қызметтер көрсету (көмек), дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналымы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.  Фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары А. А. Садықова білім алушыларға тиісті фармацевтикалық практикалар бойынша фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу қағидаларын, фармацевтикалық қызметті лицензиялауды жүргізу тәртібін түсіндірді.  Департаменттің фармацевтикалық инспекторлары А.А. Куканов, А. Ж. Асылбек объектілерді инспекциялау тәртібін және тексерулер жүргізу кезінде құжаттаманы толтыруды, фармацевтикалық инспекцияның есебін жасауды егжей-тегжейлі баяндады. Фармацевтикалық нарықта дәрілік заттардың айналымы, дәріханалар мен басқа да фармацевтикалық ұйымдардың фармацевтикалық тәртіпті жиі бұзушылықтарын анықтау, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларына ерекше назар аударылды.  Дуальды оқыту форматы білім алушыларға теориялық білімді практикада бекітуге, бақылаушы органдармен өзара іс-қимылдың құнды дағдыларын алуға және фармацевтика саласында болашақ жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Пікірлер орны (0)