Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Фармацевтикалық технология бой...
12 мамыр 2026
1
0
0

Фармацевтикалық технология бойынша халықаралық олимпиадада «ФармTeam» командасының жетістігі

2026 жылғы 5 мамырда «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Фармация мектебінде «Фармация» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған фармацевтикалық технология бойынша онлайн форматта II халықаралық пәндік олимпиада өтті. Аталған беделді білім сайысына «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-ның 5-курс студенттері қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды.
Олимпиада комиссиясының құрамында фармацевтика ғылымдарының кандидаты, профессор Анарбаева Рабига Муталиевна болды. «ФармTeam» командасын Шойнбаева Гульдана Болатовна жетекшілік етті. Команда құрамында Нұрғалиқызы Анель, Кыдыралиева Аида, Шымкентбай Аяжан, Көпжасар Мадина және Керімқұл Жансая болды. Қатысушылар теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жоғары деңгейде көрсетіп, фармацевтикалық технология саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін дәлелдей алды.

Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде командалар өздерін таныстырып, 5 минутқа дейінгі бейнероликтер арқылы шығармашылық және кәсіби бағыттарын көрсетті. Екінші кезеңде қатысушылар «Дәрілік препараттардың өндірістік технологиясы» пәні бойынша Google Test платформасы арқылы тест тапсырды. Ал үшінші кезеңде командалар «Дәрілік түрлердің аптекалық технологиясы» пәні бойынша тәжірибелік дағдыларын көрсетті.
Олимпиада студенттердің кәсіби деңгейін арттыруға, тәжірибелік машықтарын жетілдіруге және білімдерін тереңдетуге бағытталды.

Пікірлер орны (0)