Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Фармацевтің бір күні» тақырыб...
14 сәуір 2026
1
0
0

«Фармацевтің бір күні» тақырыбында тәлімгерлік сағаты өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен «Фармацевтің бір күні» тақырыбында тәлімгерлік сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларды болашақ мамандық иелерінің күнделікті өмірімен, кәсіби қызметімен жақынырақ таныстыру, олардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және кәсіби бағдар беру болды.
Тәлімгерлік сағаттың модераторы – ОҚМА бітірушілерінің қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, фармация факультетінің деканының орынбасары Сапақбай М.М. және ФІҰБ кафедра меңгерушісі, қауымд. профессор Шимирова Ж.К. Кездесу барысында олар білім алушыларға фармация саласының маңыздылығы, қазіргі даму бағыттары мен болашақ мүмкіндіктері туралы айтып өтті.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде оқу орнының түлектері шақырылды. Атап айтқанда, 2008 жылғы түлек, кәсіби қауымдастықтардағы даму супервайзері Қаспанова А.С. және 2020 жылғы түлек, «Зерде Фарм» ЖШС №1 дәріханасының меңгерушісі Алдаберген Б.О. өз тәжірибелерімен бөлісті. 
Сонымен қатар, іс-шараға Жастар саясаты бөлімінің басшысы Турабек М.А., аталған бөлімнің әлеуметтік жұмыстар бойынша бас маманы Баймбетова Б.С., «Фармация» факультетінің деканаты мен кафедра ұжымы, сондай-ақ ФҚ 03-21 тәлімгерлік тобының білім алушылары қатысты.
Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңестер алды. Мұндай тағылымды кездесулер болашақ мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыруға және олардың таңдаған саласына деген сенімін нығайтуға үлкен ықпал етеді.

Пікірлер орны (0)