Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Фармация ісін ұйымдастыру және...
20 наурыз 2026
1
0
0

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы іске асырылуда

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасына И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы білім алушылары келді.
Білім алушылар 2026 жылғы 16–27 наурыз аралығында «Фармациядағы басқару және экономика» пәні бойынша өндірістік тәжірибеден өтуде.
Тәжірибелік дайындық қаланың жетекші фармацевтикалық ұйымдары базасында ұйымдастырылған, атап айтқанда:
• «Медсервис Плюс» ЖШС
• «Зерде-Фарма» ЖШС
Бағдарлама аясында білім алушылар фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру, фармациядағы экономика және жоспарлау, дәріханалық ұйымдарды басқару жүйесі, дәрілік заттардың логистикасы, сондай-ақ фармацевтикалық қоймалар мен дәріханалардың жұмыс ерекшеліктерімен танысады.
Тәжірибеге жетекшілік етуді тәжірибе базаларының білікті мамандары және екі жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы жүзеге асырады. Қабылдаушы тараптан ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасы, кафедра меңгерушісі, фарм.ғ.к., қауым. профессор Ж.К. Шимированың жетекшілігімен қамтамасыз етеді.
Академиялық ұтқырлық тәжірибе алмасуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және болашақ фармацевтика саласы мамандарының даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.
Кафедра серіктестеріне нәтижелі ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді және бірлескен білім беру жобаларын одан әрі дамытуға дайын екенін білдіреді.

Пікірлер орны (0)