Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Фармация ісін ұйымдастыру және...
28 сәуір 2026
1
0
0

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының фарм.ғ.д., профессор К.Д. Шертаева және PhD, қауым.профеессор Г.И.Утегенова академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруы туралы

«ОҚМА» АҚ мен Әзірбайжан медициналық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2026 жылғы 13.04–27.04 аралығында «ОҚМА» АҚ-ның Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының фарм.ғ.д., профессор К.Д. Шертаева және PhD, қауым.профеессор Г.И.Утегенова Әзірбайжан медициналық университетіне (Баку қ.) іссапары ұйымдастырылды.


Әзірбайжан медициналық университетінің «Фармацевтикалық технология және фармацияны басқару» кафедрасында фарм.ғ.д., профессор К.Д. Шертаева және PhD, қауым.профеессор Г.И.Утегенова Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында жобалық-бағдарланған оқытуды қолдану тәжірибесі» тақырыбында мастер-класс өткізді.


Сонымен қатар, Шертаева К.Д. және Утегенова Г.И. 3 курс студенттеріне «Фармацевтикалық маркетинг менеджменті. Маркетингтік кешен. Дәрілік заттарды жылжыту. Фармацевтикалық кәсіпорын үшін SWOT-матрицаны құру» тақырыбында дәріс оқыды.


ОҚМА профессорлары Әзірбайжан медициналық университетінде практикалық сабақтар сериясын өткізді. 2026 жылғы 16 сәуірде бакалавриаттың 3 курс студенттері үшін «Фармацевтикалық мекемелердің негізгі экономикалық көрсеткіштері. Пайдаға талдау және жоспарлау (табыс және таза пайда). Таза пайданың қалыптасуы. Рентабельділік және басқа да қаржылық көрсеткіштерді есептеу» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді.


Өткізілген сабақтар студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталды: студенттер нақты мысалдарды талдап, экономикалық көрсеткіштерді есептеп, дәріханалық ұйымдардың қаржылық қызметін талдауды үйренді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «ОҚМА» ФІҰБ кафедрасы мен Әзірбайжан медициналық университетінің ФТжФБ кафедрасы арасындағы ғылыми, білім беру және әдістемелік қызметтегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


Кездесу барысында қатысушылар болашақ ынтымақтастық перспективаларын талқылап, оқу үдерісін ұйымдастыру, ғылыми зерттеулер және әдістемелік жұмыс бойынша тәжірибе алмасты. Заманауи білім беру технологияларын енгізу, бірлескен ғылыми жобаларды дамыту және оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.


Әзірбайжан медициналық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, профессор А.А. Агаевпен өткен кездесуде екі жоғары оқу орнындағы оқу үдерісін ұйымдастыру және ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды. Сапар барысында фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру және басқару саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу туралы келісімшартқа, сондай-ақ шетелдік студенттерге арналған фармацияны басқару және экономикасы бойынша өндірістік тәжірибенің бірлескен бағдарламасына қол қойылды.


Сапар нәтижесінде Әзірбайжан медициналық университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры академиялық ұтқырлық бағдарламасын орындағаны туралы сертификаттар табыстады.

Пікірлер орны (0)