Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Гемоконтактілі инфекциялардың...
24 сәуір 2026
1
0
0

«Гемоконтактілі инфекциялардың алдын алу»

23.04.2026 жылы «Гигиена және экология кафедрасының доцент міндетін атқарушы С.У. Ескерованың ұйымдастыруымен ВМ-СТҚБ-01-23 тобымен «Гигиена және эпидемиология» пәнінен өткен циклді қорытындылап, сонымен қатар дүниежүзілік Денсаулық күніне орай стоматологиялық білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушылары арасында «Гемоконтактілі инфекциялардың алдын алу» тақырыбында интербелсенді бағыттағы іс-шара өткізілді. Аталмыш іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылық құрамы: Кульмирзаева Д.м., Бейсембаева З.И., Жаксыбаева Ж.Ж., Алиев Д.С. және ВМ-СТҚАБ-01-23, СТҚАБ-02-23 топтарының білім алушылары қатысты.


Бұл шараның мақсаты – стоматология білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушыларының гигиена және эпидемиология модулі бойынша өткен циклді қорытындылай отырып, тақырыптарды білуін, түсінуін, дағдыларды меңгеруін бағалау, сонымен қатар болашақ стоматолог ретінде практикада санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, заңды құжаттарды қолдана алуға бағыттау болып табылады.
Іс-шара барысында ВМ-СТҚБ-01-23 тобының студенттері АИТВ және вирустық гепатиттер туралы Байтимов И. мен Бижанов А. презентациялық баяндамалар жасады, Арапбай Р. мен Сұлтанқазықызы М. дайындаған ақпараттық бейнероликтер көрсетілді.

Жүргізуші Бегалиева А. қатысушыларды жоспармен және шарттармен таныстырып шықты. Ұйымдастырушылар білім алушыларды шағын 4 топқа бөлді. Денсаулық сақшылары, Эпидконтроль, Витамин және Вирус командаларына жасанды интеллекттің көмегімен жасалған 4 ситуациялық клиникалық жағдайды Бегалиева А., Оразғали К., Айтбаева А. экранда көрсетіп, таныстырды. Нәтижесінде әр команда белгілі уақыт ішінде дұрыс диагнозын тауып қойды.


Бекболат Д. білім алушылардың өткен тақырыптардан, сондай-ақ олардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аясындағы нормативтік актілер бойынша білімдерін анықтау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық түсініктерді жартылай жазып ұсынды, оны команда мүшелері толықтырып жазып, аяқтады. Бұған қоса, командаларға жалпы тәжірибелік дағдыны көрсету ұсынылды, яғни зарарсыздандырылған стоматологиялық құралдардың сапасын бақылайтын азоперам және фенолфталейн сынамаларын жүргізуді көрсету болды. Вирус командасынан СТҚА-02-23 тобының студенті Набиалы А. тәжірибелік дағдыны шығып көрсетті.


Содан кейін барлық командалар Quizziz платформасында берілген тест тапсырмаларын орындады. Командалардың жұмысын ВМ-СТҚБ-01-23 тобынан құралған комиссия мүшелері: Мирзахметов С., Сұлтанқазықызы М., Момынбеков А. берілген тапсырмалардың орындалуын бағалап, ұпай санымен қорытындылады. Нәтижесінде 1-орынды Денсаулық сақшылары, 2-орынды Вирус, 3-орынды Витамин және Эпидконтроль командалары иеленді. Жеңімпаздарға және белсенділік танытқан студенттерге сыйлықтар табысталды.


Іс-шара кезінде студенттер аса зор қызығушылық танытып, жоғары белсенділік көрсетті. Ал профессор-оқытушылық тарапынан оң баға беріліп, әр циклді қорытындылаудың қажеттілігі қолдауға ие болды.
Кафедра меңгерушісі Кульмирзаева Д.М. қатысушыларға АИТВ анықтайтын экпресс тестті таныстырып, өтуге шақырды.
Соңында С.У. Ескерова қорытынды сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

Пікірлер орны (0)