Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «ГЭРА: диагностика мен емдеуді...
8 қазан 2025
12
1
0

«ГЭРА: диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

2025 жылдың 7 қазанында оқу үдерісі аясында онлайн-форматта жалпы тәжірибелік дәрігер интерндеріне (ЖТД) арналған кезекті жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-талқылау дөңгелек үстелі (СҒК) өтті. Іс-шараға онлайн алаңда «Астана медицина университеті» КЕАҚ, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ, «Семей медицина университеті» КЕАҚ 6 және 7 интерндері мен ғылыми жетекшілері қатысты.

Аталған дөңгелек үстелде өте өзекті әрі қызықты тақырып талқыланды: «ГЭРА: диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдері». «Жалпы тәжірибелік дәрігер–2» кафедрасынан 6-курс интерндерінің келесі топтары қатысты: ІЖТДК-12-25, ІЖТДО-20-25, ІЖТДО-21-25 және ІЖТДО-22-25. «ЖТД-2» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Досыбаева Г.Н. кіріспе сөз сөйледі.
«ЖТД-2» кафедрасының медицина ғылымдарының магистрі Сметова Р.А.-ның ғылыми жетекшілігімен ІЖТДО-21-25 тобының интерні Убайдина Акерке «ГЭРА-тің этиопатогенезі, эпидемиологиясы және жіктелуі» тақырыбында баяндама жасады.

Дөңгелек үстел барысында баяндамашы Убайдина А. Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруының (ГЭРА) этиологиясы мен патогенезі мәселелерін жан-жақты ашып көрсетті. Сонымен қатар, алыс және жақын шетел ғалымдарының зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, ГЭРА мәселесінің өзектілігі мен бұл аурудың жіктелуін қолданудың қазіргі заманғы тәсілдеріне арналған аналитикалық шолу ұсынды, оның ішінде Қазақстандағы жағдай да қамтылды.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелде басқа жоғары оқу орындарының өкілдері де өз баяндамаларын ұсынып, онда ересектер мен балалардағы ГЭРА-дың клиникалық көріністері, заманауи диагностикалық әдістер мен емдеу стратегиялары қарастырылды.
Баяндамалардан кейін интерндер мен профессорлар белсенді пікірталас жүргізіп, сұрақтар қойып, ГЭРА-мен ауыратын науқастарды бақылау тәжірибелерімен бөліскен белсенді талқылау өтті. Бұл талқылау қатысушылардың білімін тереңдетіп, клиникалық ойлау қабілетін дамытуға және болашақ жалпы тәжірибелік дәрігерлерінің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етті.

Іс-шара ғылыми қызығушылық пен ынтымақтастық рухында өтті, түрлі медицина жоғары оқу орындарының өкілдері арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби пікірталасқа және ГЭРА-мен науқастарды басқару тактикасы бойынша білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, бұл іс-шара интерндердің ғылыми-зерттеу және коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпалы етті, ғылыми жұмысқа және өзекті клиникалық тақырыптарды өз бетінше зерделеуге қызығушылықтарын оятты.

Пікірлер орны (0)