Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Ғылыми-практикалық конференция
18 мамыр 2026
1
0
0

Ғылыми-практикалық конференция

2026 жылғы 15 мамырда Ақтөбе қаласындағы «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ базасында «Еңбек медицинасы, гигиена және қоғамдық денсаулық: заманауи сын-қатерлер мен профилактика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ, «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» КеАҚ, Қазақ тағамтану академиясы және басқа ұйымдар ұйымдастырды. Конференция аясында еңбек медицинасы, кәсіби патология, қоғамдық денсаулық, қоршаған орта гигиенасы, нутрициология және эпидемиология мәселелеріне арналған пленарлық және секциялық отырыстар өткізілді. Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Польша және басқа елдердің жетекші ғалымдары мен мамандары қатысты.
Конференция барысында еңбекке қабілетті халық денсаулығын сақтау, кәсіби аурулардың алдын алу, қоршаған орта факторларының әсері, дұрыс тамақтану және халықтың салауатты қартаюы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Халықаралық тәжірибе алмасу, ғылыми ынтымақтастықты нығайту және профилактикалық медицинаның заманауи бағыттарын талқылау жүзеге асырылды.
Конференция жұмысына «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ атынан медицина ғылымдарының докторы, профессор, Шымкент қаласының бас штаттан тыс профпатологы, «ЖТД-2» кафедрасының меңгерушісі Досыбаева Гүлжан Нұрбекқызы қатысып, «Профпатология және халықтың қартаюы: заманауи сын-қатерлер мен болжам» және «Шымкент қаласы мысалында созылмалы қорғасын интоксикациясының индустриялық аймақтағы қоғамдық денсаулық мәселесі ретіндегі өзектілігі» тақырыптарында баяндама жасады. Конференция қорытындысы бойынша еңбек медицинасы, гигиена және қоғамдық денсаулық саласындағы ғылыми зерттеулер мен пәнаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған резолюция қабылданды.

Пікірлер орны (0)