Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Ғылыми қызметтің өзекті мәселе...
23 қыркүйек 2025
11
0
0

Ғылыми қызметтің өзекті мәселелері бойынша семинар өткізілді

2025 жылғы 18–19 қыркүйекте «Ғылыми зерттеулер: деректерді талдау, мақалалар және гранттық өтінімдер» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға докторанттар, магистранттар және кафедра қызметкерлері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – білім алушылар мен оқытушылардың ғылыми жобаларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ гранттық бағдарламаларға қатысу үшін конкурстық құжаттаманы ресімдеу саласындағы ғылыми құзыреттілігін арттыру болды.
Бағдарлама аясында деректер іріктемесін қалыптастыру, гипотезаларды тексеру және P-value түсіндіру, қима зерттеулерінде χ²-тестті қолданудың ерекшеліктері, ғылыми мақалаларды зерттеу түрлеріне қарай рәсімдеу ережелері мен жіктелуі, сондай-ақ гранттық қаржыландырудың ерекшеліктері, конкурстарды өткізу тәртібі, сараптама кезеңдері және өтінімдерді ресімдеу мәселелері қарастырылды. Бұдан бөлек, қаржыландыру кестесін есептеу және рәсімдеу, ғылыми жобалардың күтілетін нәтижелеріне қойылатын талаптар және оларды жүзеге асыруға қатысты тәжірибелік ұсыныстарға ерекше назар аударылды.
Семинар барысында баяндамалар мен тәжірибелік ұсынымдарымен PhD докторы, ғылыми журналдарды үйлестіру және дамыту бөлімінің меңгерушісі Дана Сапарғалиқызы Бекарысова, PhD кандидат, коммерцияландыру және жобаларды басқару офисінің меңгерушісі Диляфруз Ғаниқызы Болатова, PhD кандидат, ҒЖДжМБ ғылым жөніндегі менеджері Майдан Нағашыбайұлы Мұхамедияров сөз сөйледі.
Семинар ғылыми-зерттеу қызметіндегі өзекті мәселелерді талқылаумен және қатысушылардың сұрақтарына жауап берумен қатар жүрді. Қорытындысында тыңдаушылар ұсынылған материалдың практикалық маңыздылығын атап өтіп, оны алдағы ғылыми-зерттеу және жариялау қызметінде қолданатындықтарын жеткізді. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Пікірлер орны (0)