Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Халықаралық әйелдер күніне ора...
10 наурыз 2026
1
0
0

Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік кеш өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік кеш өтті. 
Мерекелік кешті «ОҚМА» АҚ ректоры Жанна Сейтжанова құттықтау сөзбен ашты. Жанна Серікжанқызы академия ұжымындағы әйелдердің еңбегін ерекше атап өтіп, олардың қоғамдағы рөлі мен медицина саласындағы үлесін жоғары бағалады.
— Құрметті әріптестер! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. 
Әйел – өмірдің сәні, отбасының берекесі, қоғамның тірегі. Сіздер мейірім мен қамқорлықтың, сабыр мен даналықтың, жылулық пен ізгіліктің символы болып келесіздер. Бүгінде нәзік жандар білім мен ғылымда, медицинада, қоғамдық өмірдің барлық салаларында үлкен жетістіктерге жетіп, еліміздің дамуына зор үлес қосып келеді.
Біздің академиямызда да әйелдердің еңбегі ерекше. Сіздер білім мен ғылымды дамытып, болашақ дәрігерлерді тәрбиелеп, медицина саласының мәртебесін көтеріп келесіздер. Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен шаттық, еңбекте табыс тілеймін, — деді ректор.

Кеш барысында академия қызметкерлері қазақ ақын-жазушыларының ана тақырыбындағы жырларын оқып, жиналған қауымның көңіліне жылу сыйлады. Сонымен қатар, академияның биші қыздары мың бұрала би билеп, мерекелік кештің сәнін кіргізді. Ал, өнерлі студенттер дайындаған сахналық көрініс мектептегі балалық шақтың балғын естеліктерін еске түсірді. 
Мерекелік кеш студенттердің орындауындағы «Бақыт» әнімен қорытындыланып, ән әуенімен жігіттер қауымы мерекеге келген нәзік жандыларға тәтті тарту етті.

Пікірлер орны (0)