Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Халықаралық студенттік 80-ші ғ...
19 мамыр 2026
1
0
0

Халықаралық студенттік 80-ші ғылыми-тәжірибелік конференцияда жүлделі орындарды иеленді

2026 жылғы 15-16 мамыр аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ЖТД-2 кафедрасының интерн-дәрігерлері Өзбекстан Республикасындағы Самарқанд мемлекеттік медицина университеті базасында өткен « Фундаменталды, қолданбалы медицина мен фармация жетістіктері » атты студенттер мен жас ғалымдардың 80-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Конференция ғылыми мақалаларды жариялау және 15мамыр күні өткен секциялық отырыстарда баяндамалар жасаумен қатар, офлайн форматта ұйымдастырылды. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясынан ЖТД-2 кафедрасының интерн-дәрігерлері төмендегі ғылыми жұмыстармен қатысты:

1. 🏆🥇ЖТД-2 кафедрасының интерн-дәрігері Тұрғынов М «Балалардағы интернетке тәуелділік» тақырыбында баяндама жасады. Баяндаманың қорытындысы бойынша Тұрғынов М І орын 🥇🏆 иеленіп, өзінің жоғары ғылыми дайындық деңгейін және таңдалған тақырыптың өзектілігін көрсетті.

2. 🏆 🥉6 курс дәрігер-интерні Режеп Ә. Б «Энергетикалық сусындардың жүрек-қантамыр жүйесіне әсері» тақырыбында ғылыми жұмыс ұсынды.

Ғылыми жетекшісі — м.ғ.д., профессор Досыбаева Г. Н., медицина ғылымының магистрі Тасқынова М.Ә және Абдиева Б. М

Жұмыс Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы базасында Самарқанд мемлекеттік медицина университетімен бірлесіп орындалды. Конференция қорытындысы бойынша Режеп Ә. Б ІІІ дәрежелі дипломмен медаль 🥉 🏆 марапатталды.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына ЖТД-2 кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Досыбаева Г. Н., медицина ғылымының магистрі Тасқынова М.Ә және Абдиева Б. М жетекшілік етті.

Қатысушыларды дайындау кафедра қызметкерлерінің белсенді қолдауымен жүзеге асырылып, халықаралық деңгейде академияның абыройын жоғары дәрежеде танытуға мүмкіндік берді. Халықаралық конференцияға қатысуға мүмкіндік берген Академия ректоры Жанна Серікжанқызына және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы басшылығына алғысымызды білдіреміз!

Пікірлер орны (0)