
2026 жылғы 6–8 сәуір аралығында Алматы қаласында Қазақстан мен Әзірбайжан жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті.6 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «Study in Azerbaijan» білім беру көрмесінің ашылуы өтті. Көрме Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындарын біріктіріп, академиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге және білім алушыларды шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруға бағытталды.Сол күні Innotech powered by Arizona State University алаңында Қазақстан мен Әзербайжан жоғары оқу орындары ректорларының II форумы өтті. Форум жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті нығайтуға және академиялық байланыстарды дамытуға бағытталған маңызды халықаралық алаңға айналды. Форумға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев, сондай-ақ екі елдің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Форум жұмысына «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ Ректоры Жанна Серікжановна Сейтжанова, ғылыми және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Нұрлан Ерденұлы Аукенов және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу бөлімінің меңгерушісі Әуезханқызы Дана қатысты. Форум аясында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ Нахичеван мемлекеттік университеті (Әзірбайжан Республикасы) университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қол қойылған құжат білім беру және ғылыми салалардағы тұрақты серіктестікті дамытуға, сондай-ақ университеттер арасындағы ұзақ мерзімді академиялық және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Келісім келесі негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты көздейді:
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып, студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырып, жаһандық білім беру кеңістігіндегі өз позициясын нығайтып келеді.