Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Харассмент: құқықтық аспектіл...
27 сәуір 2026
1
0
0

«Харассмент: құқықтық аспектілер және оның алдын алу шаралары»

22.04.2026ж. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен бірге ВМ-МҚБ-04Б-05АБ топтарының білім-алушылары қатыса отырып «Харассмент: құқықтық аспектілер және оның алдын алу шаралары» тақырыбындағы тәрбие сағатын аға оқытушы С.Т.

Абдрасилова мазмұнды, әрі өзекті өткізді. Тәрбие сағаты барысында харассмент ұғымының мәні, оның түрлері мен көріністері жан-жақты талқыланып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес құқықтық жауапкершілік мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар нақты мысалдар арқылы тақырыпты терең түсініп, жұмыс орнында және білім беру ортасында қауіпсіз әрі құрметке негізделген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына көз жеткізді. Сонымен қатар, харасменттің алдын алу бойынша тиімді тәсілдер мен механизмдер ұсынылып, әр қызметкердің жеке жауапкершілігі ерекше атап өтілді.
Харасмент — бұл біреуге бағытталған жағымсыз, қорлайтын немесе қысым көрсететін мінез-құлықтың қайталанатын немесе жүйелі түрде болуы. Ол адамның ар-намысына, психологиялық жай-күйіне немесе қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін.

Қорытындылай келе, бұл ашық сабақ кафедра мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, ұжымда салауатты психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Пікірлер орны (0)