
«Перинатология, педиатрия, балалар хирургиясы және ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы инновациялық технологиялар» 2025 жылғы 25–26 қыркүйек, Түркістан қаласы
2025 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Түркістан қаласында Kazakh-Russian Medical University, Халықаралық педиатрия және балалар хирургиясы академиясы және Институт детства ұйымдарының ұйымдастыруымен II Халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы өтті.
Бұл конференция перинатология, педиатрия және балалар хирургиясы саласындағы инновациялық ғылыми жетістіктер мен технологияларды тәжірибеге енгізу, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту және ана мен бала денсаулығын қорғаудағы заманауи тәсілдерді талқылауға арналды.
Сонымен қатар, консенсус-сессия өткізіліп, жетекші ғалымдар мен тәжірибелі дәрігерлер ана мен бала денсаулығын қорғаудағы өзекті мәселелер бойынша бірыңғай шешім қабылдады.
АҚ ОҚМА Педиатрия-2 кафедрасынан конференцияға қатысқан ұстаздар:
•    Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., профессор, резидентура деканы – Бектенова Гульмира Ерсеитовна
•    Кафедра ассистенті – Балтабаева Калия Тасбауевна
•    Кафедраның оқу ісі жөніндегі орынбасары – Камысбаева Айгерим Кенесовна
Конференция соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Бұл іс-шара кафедра қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, ғылыми көзқарасын кеңейтуге және халықаралық әріптестікті нығайтуға зор үлес қосты.