Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз...
30 маусым 2026
1
0
0

И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы дәрігер-резиденттерінің академиялық ұтқырлығы

2026 жылғы 24–27 маусым аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының дәрігер-резиденттері «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ Инфекциялық аурулар кафедрасында «Тамшылы инфекциялар» циклі бойынша білім алды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына келесі дәрігер-резиденттер қатысты:


• Кутманов Кубатбек Бакытбекович;
• Илахунов Данияр Бахтиярович;
• Кубаталиев Чынгызхан Уланович;
• Саттарова Уулкан Пусурманкуловна.


Академиялық ұтқырлық барысында дәрігер-резиденттер Инфекциялық аурулар кафедрасының оқу үдерісіне белсенді қатысып, инфекциялық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алудың заманауи әдістерімен танысты. Сонымен қатар кафедраның клиникалық базаларында болып, науқастарды клиникалық талқылауға қатысып, академияның профессор-оқытушылар құрамымен және білім алушыларымен кәсіби тәжірибе алмасты. Сондай-ақ сапар аясында қонақтар Шымкент қаласында өткен «Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның өзекті инфекциялары» атты V Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына белсенді қатысты. Конференция барысында олар инфектология, эпидемиология және сабақтас медициналық салалардағы заманауи ғылыми жетістіктермен танысып, ғылыми пікірталастарға қатысып, Қазақстан мен шетелдің жетекші ғалымдары және тәжірибелі дәрігерлерімен тәжірибе алмасты.
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру дәрігер-резиденттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, академиялық байланыстарды кеңейтуге және И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы арасындағы озық тәжірибе алмасуды дамытуға ықпал етеді.

Пікірлер орны (0)