
ОҚМА «Отбасылық медицина» кафедрасы «Интерн дәрігердің өзіндік кәсіби болмысын қалыптастырудағы тәлімгерліктің және әдістемелік қолдаудың рөлі» атты тақырыпта “дөңгелек үстел” ұйымдастырды. Модератор К.К. Аташова болды. Жиынды кафедра профессоры, медицина ғылымдарының докторы И.А. Самченка ашып берді. “Дөңгелек үстел” аясында интернатура деканы, PhD, қауымдастырылған профессор К.С. Кемельбеков, Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Б.Ж. Пазылов, №1 ҚЕ басшысының орынбасары Д.Т. Казахбаева және №7 ҚЕ басшысының орынбасары А.Д. Сапарбеков интерн-дәрігерлерді тәжірибеде баулудың өзекті мәселелерін қозғады.

Жұмыс беруші ретінде Б.Ж. Пазылов жас мамандарға койылатын заманауи катаң талаптарды ортаға салды, мамандарды даярлауда білім беру жүйесіне деген ұсыныстарын айтты. Интерн дерігерлер де тәжірибеде кездесетін мәселелерін ортаға салды. «Дөңгелек үстел» өте жоғары деңгейде өтті.