Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Интернеттегі еркіндік және за...
16 қыркүйек 2026
1
0
0

«Интернеттегі еркіндік және заң шектеулері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2026 жылғы 15 қыркүйекте «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, цифрлық ортадағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтар мен міндеттерді түсіндіруге бағытталған «Интернеттегі еркіндік және заң шектеулері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Көліктегі полиция департаменті Шымкент станциясындағы Желілік полиция басқармасының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі Тойлыбай Сүндетхан Бақытжанұлы, Шымкент станциясындағы көліктегі полиция басқармасы Патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы, полиция майоры Шарипа Сыздыкова, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Нұржанбаева Жанат Оралбайқызы, кафедраның доцент м.а., құқықтанушы Айдарбекова Ғалия Сарыбайқызы, кафедраның аға оқытушысы, заң саласының маманы Маликов Мұхтар Маратұлы және білім алушылар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында интернет кеңістігіндегі құқықтық жауапкершілік, жалған ақпараттың таралуы, кибербуллинг, жеке деректерді қорғау, әлеуметтік желілерді пайдалану мәдениеті және цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Қатысушылар интернеттегі сөз және ақпарат еркіндігінің заңмен белгіленген шектері, өзге адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу қажеттілігі жөнінде пікір алмасты.
Дөңгелек үстел білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара болды.

Пікірлер орны (0)