
Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында «Коммуникация – ұйымдағы командалық тиімділіктің құралы» тақырыбында микробіліктілік бағдарламасы 2026 жылғы 27 сәуір мен 5 мамыр аралығында өткізілуде.
Бағдарламаның лекторы — PhD, ФІҰБ кафедрасының қауым. проф. Умурзахова Галия Жанбурбаевна.
Микробіліктіліктің негізгі бағыты:
«Фармация саласында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды даярлауда көшбасшы болу!»
Мақсаты — қазіргі еңбек нарығына бейімделген, тұлғааралық коммуникация, байланыс орнату, кері байланыс (фидбэк) дағдылары, мультикультурализм, қақтығыстарды шешу әдістері және стресс-менеджмент техникасы бойынша терең теориялық және практикалық білімге ие, кәсіби қызметке қабілетті бәсекеге қабілетті фармацевт мамандарды даярлау.
Міндеттері:
• кәсіби коммуникация дағдыларын дамыту;
• академиялық ортада өзара әрекеттесу тиімділігін арттыру;
• кері байланыс және ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыру;
• ұжымдағы қақтығыстар мен стресс жағдайларының алдын алу.
Бұл бағдарлама фармация саласында табысты еңбек етуге және кәсіби командада тиімді өзара әрекеттесуге қажетті заманауи құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.