Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Конференция биомедицина саласы...
24 қыркүйек 2025
23
0
0

Конференция биомедицина саласындағы жетістіктерге арналды

2025 жылғы 17–19 қыркүйек аралығында Астана қаласында «LIFE SCIENCES TODAY 2025 – Frontiers in Biomedicine: Infer, Innovate, Impact» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шара биомедицина саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерге арналды. Конференцияда геномика, онкология, нейробиология, иммунология, регенеративті медицина және физиология сияқты бағыттар қамтылды. Конференция Назарбаев Университетінің «National Laboratory Astana» жекеменшік мекемесі жанындағы Өмір туралы ғылымдар орталығы базасында өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Ұлттық зертхана «Астана». Конференция Өмір туралы ғылымдар орталығының 15 жылдығы мен Ұлттық зертхананың 10 жылдығына орай ұйымдастырылды. Конференцияның басты мақсаты – инновациялық зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ғылымдағы жаңалықтар мен ірі жетістіктерге қол жеткізуге ықпал ету. Конференцияға Жапония, АҚШ, Еуропа елдерінен келген мамандар қатысты. Іс-шара түрлі ауруларды диагностикалау және емдеу, инновациялар мен жаңа технологияларды енгізу саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми мекемелері арасындағы кәсіби және ғылыми байланыстарды нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды. Конференцияға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының делегациясы белсенді қатысты. Делегацияны ғылым жөніндегі проректор Аукенов Н.Е. басқарды. Құрамында Неврология кафедрасының меңгерушісі Жаркинбекова Н.А. және кафедра докторанты Окроадзе О.Ю. болды. «Нейродегенеративті аурулар» секциясында профессор Жаркинбекова Н.А. баяндама жасады. Назарбаев Университеті өкілдерімен өткен ресми кездесуде ғылыми ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми-білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Пікірлер орны (0)