
27.04.26ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедраларының бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Халық Конституциясын насихаттау және ілгерілету жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары аясында «Конституция — тұрақтылық кепілі»
атты "дөңгелек үстел" өткізілді.

Іс-шараның мақсаты білім алушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғамдағы рөлін түсіндіру, оның ел тұрақтылығы мен дамуының негізгі кепілі ретіндегі маңызын айқындау болды. Сонымен қатар, қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, конституциялық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелерін талқылау болып табылады.
"Дөңгелек үстел" барысында қатысушылар Конституцияның тарихи негіздері, оның еліміздің саяси және әлеуметтік дамуындағы орны, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, құқықтық мемлекет құрудағы негізгі қағидаттар мен заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шараға оқытушылар, студенттер және кафедра өкілдерімен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысып, жиын барысын ақпараттандырды. БАҚ өкілдері тарапынан тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып, қатысушылармен пікір алмасу жүргізілді.

Қатысушылар Конституцияның қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің басты кепілі екендігін атап өтіп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта да осындай мазмұнды іс-шараларды жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Іс-шара соңында белсенділік танытып, мазмұнды баяндама жасаған және ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан оқытушылар мен студенттер арнайы алғыс хаттармен марапатталды.