Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Конституциялық реформалар: қо...
19 мамыр 2026
1
0
0

«Конституциялық реформалар: қоғамға пайдасы мен әсері» атты дөңгелек үстел

“Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер” кафедрасының аға оқытушысы М.М.Маликов Медицина мамандығының білім алушыларымен «Конституциялық реформалар: қоғамға пайдасы мен әсері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға еліміздегі конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру, олардың қоғамның саяси-құқықтық дамуына тигізетін ықпалын жан-жақты талқылау, сондай-ақ студенттердің азаматтық-құқықтық мәдениетін арттыру болды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстан Республикасында жүргізілген конституциялық реформалардың тарихи алғышарттары, олардың қажеттілігі мен жүзеге асырылу бағыттары туралы кеңінен пікір алмасты. Сонымен қатар, реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі, билік тармақтарының теңгерімін қамтамасыз етудегі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі ерекше атап өтілді.
М.М.Маликов өз баяндамасында конституциялық өзгерістердің қоғамдағы демократиялық процестерді нығайтуға, ашықтық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталғанын атап өтіп, білім алушыларды белсенді пікір алмасуға шақырды.
Студенттер тақырыпқа қатысты өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, өзара пікірталас жүргізді. Іс-шара барысында нақты өмірлік мысалдар келтіріліп, конституциялық реформалардың жастар үшін маңызы кеңінен түсіндірілді.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар тақырыптың өзектілігін атап өтіп, мұндай танымдық кездесулердің болашақ мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Пікірлер орны (0)