Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Language and Medicine» ағылшы...
3 маусым 2026
1
0
0

«Language and Medicine» ағылшын тілінен II халықаралық онлайн олимпиадасы

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина университеті КеАҚ 2025 жылдың 24.11-29.11 аралығында 1-2 курс студенттер арасында ағылшын тілінде өткізілген 2- халықаралық онлайн пәндік олимпиадасына Шет тілі кафедрасының оқытушылары өздерінің студенттерін қатыстырып, сертификаттарға ие болды. Халықаралық онлайн олимпиаданың мақсаты – мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау, студенттердің тілдік дағдыларын жетілдіруге ынталандыру және ағылшын тілін үйренуге шығармашылық қызығушылықты дамыту.Олимпиаданың мақсаты: олардың тілдік құзыреттілік деңгейін одан әрі арттыруға ынталандыратын дарынды студенттерді анықтау және қолдау, қатысушылардың ғылыми, шығармашылық және танымдық іс-әрекетке ынтасын арттыру; шығармашылық және интеллектуалдық қызметке қызығушылықа ынталандыру; Қазақстанның жоғары медициналық оқу орындары мен көршілес елдер арасындағы байланысты қолдау.
Олимпиадада студенттер жеңіске жетіп, республикамыздың ЖОО атынан қатысқан үміткерлердің арасында көптеген студенттер 1-ші, 2-ші, 3-ші орынға иеленіп, қалған студенттер мен жетекшілер сертификаттармен марапатталды. Олимпиадаға қатысқан студенттерді жеңісімен құттықтап, оларға шығармашылық табыс тілейміз!

Пікірлер орны (0)