
2025 жылдың 13 қазан айында Психологиялық қызмет және қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Лудомания – ғасыр дерті» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Қазіргі қоғамда технологияның дамуы мен онлайн ойындардың кең таралуы нәтижесінде адамдар арасында лудамания (ойынқұмарлық тәуелділік) мәселесі өзекті болып отыр. Бұл тәуелділік адамның психикалық және әлеуметтік жағдайына, қарым-қатынасына, сондай-ақ өмір сапасына теріс әсерін тигізеді.
Осыған байланысты, лудоманияның алдын алу, тәуелділікті тану және оған қарсы іс-шаралар туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың лудомания туралы психологиялық сауаттылығын арттыру, тәуелділіктің белгілерін анықтауға үйрету, ойынқұмарлықтың адам өміріне зиянды әсерін түсіндіру және қажетті көмек жолдарын көрсету болды.
