
2026 жылдың 30 қыркүйегінде Психологиялық қызмет пен Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Лудомания: тәуелділікке жол жоқ, саналы таңдау бар» тақырыбында танымдық-профилактикалық кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – студенттерге құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, оның психологиялық және әлеуметтік салдары туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ саналы шешім қабылдау мен жауапты таңдаудың маңыздылығын түсіндіру. Іс-шара барысында лудомания ұғымы, оның пайда болу себептері мен негізгі белгілері, сондай-ақ тәуелділіктің адамның эмоционалдық жағдайына, оқуына, қарым-қатынасына және әлеуметтік өміріне тигізетін ықпалы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, студенттерге бос уақытты тиімді ұйымдастыру, эмоцияны басқару, тәуекелді жағдайларды дер кезінде анықтау және қиындықтар туындаған жағдайда психологиялық көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді. Интерактивті форматта өткен кездесуде студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, түрлі жағдаяттарды талқылады. Қатысушылар саналы таңдау жасау, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және тәуелділіктің алдын алу жолдары бойынша пайдалы ақпарат алды.