Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Лудоманияның алдын алу» тақыр...
18 мамыр 2026
1
0
0

«Лудоманияның алдын алу» тақырыбында тренинг өткізілді

“Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер” кафедрасының аға оқытушысы А.Ә. Мырзазия 2 курс Медицина білім беру бағдарламасы студенттерімен «Лудоманияның алдын алу» тақырыбында танымдық-психологиялық тренинг өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студент жастар арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың психологиялық тұрақтылығын арттыру болды. Тренинг барысында лудоманияның қоғамға, адам денсаулығына және әлеуметтік жағдайына тигізетін кері әсерлері кеңінен түсіндірілді.
Аға оқытушы А.Ә. Мырзазия студенттерге құмар ойындарға тәуелділіктің пайда болу себептері, оның психологиялық және әлеуметтік салдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, жастар арасында кең таралып келе жатқан онлайн-беттесу ойындары мен букмекерлік платформалардың зияны жөнінде пікір алмасу ұйымдастырылды.
Тренинг барысында студенттер түрлі ситуациялық тапсырмалар орындап, топтық талқылауларға қатысты. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, зиянды әдеттердің алдын алу жолдары жөнінде ұсыныстар айтты. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, студенттердің белсенді қатысуымен ерекшеленді.
Кездесу соңында студенттерге уақытты тиімді пайдалану, спортпен айналысу, кітап оқу және пайдалы әлеуметтік орта қалыптастыру арқылы лудоманияның алдын алуға болатыны айтылды. Сонымен қатар, психологиялық көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.
Аталған іс-шара студенттердің құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттырып, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.

Пікірлер орны (0)