Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен И. М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина Университеті (Сеченов университеті, СУ) арасында екі дипломдық білім беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Фармация» ББ (ОҚМА) және «Биотехнология» (СУ) шеңберінде «Фармацевтикалық экология» бағыты бойынша ғылыми-педагогикалық магистратура деңгейінде мамандарды табысты даярлау жалғасуда. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша 4 магистрант Сеченов Университетінің А.П. Нелюбин атындағы Фармация институтының аттестаттау комиссиясының отырысында магистрлік диссертациялары қорғаудан сәтті өтті.
Фармацевтикалық экология қолданбалы экологияның бөлігі болып табылады және дәрілік заттар айналымы саласында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, фармацевтикалық қызмет процесінде туындайтын мәселелерді шешуге арналған. Қоршаған ортада, атап айтқанда тамақ өнімдерінде дәрілік заттардың қалдықтарының болуының себептерінің бірі мал шаруашылығында ветеринариялық препараттарды бақылаусыз қолдану болып табылады. Егер жануарлардың ағзасынан дәрі-дәрмектерді шығару мерзімі сақталмаса, олардың қалдықтары ет, сүт және жұмыртқада сақталуы мүмкін, бұл тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіреді және қатаң бақылау мен мониторингті қажет етеді.
ОҚМА магистранты К.С. Абдукаримова тамақ өнімдеріне, атап айтқанда сүт өнімдеріне, дәрілік заттардың қалдықтарына зерттеу жүргізді. Бұл зерттеулердің жүргізілуіне сынамаларды дайындаудың, зерттелетін объектілердегі дәрілік заттарды идентификациялау және сандық мөлшерін анықтаудың сенімді әдістерін жасаудағы бірқатар ізденістер өз септігін тигізді. Зерттеу нәтижелері Ресей Федерациясы мен ҚР басылымдарында жарияланды, өнертабысқа өтінім берілді, авторлық куәлік және білім беру процесіне енгізудің үш актісі алынды. Осы бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасын табады.
Сеченов университетінің магистранты Nwofor Valentine диссертациялық жұмысы нейродегенеративті процестердің механизмдерін зерттеу үшін әртүрлі in vitro функционалдық жүйелерден алынған бастапқы нейрондық дақылдарды пайдалануға арналған. Зерттеу жұмысы бойынша нейродегенеративті ауруларға тән патологиялық өзгерістерді дәлірек қайталауға мүмкіндік беретін модель жасалынды, бұл олардың дамуының молекулалық және жасушалық механизмдерін терең түсінуге, сондай-ақ ықтимал нейропротекторлық агенттерді сынауға мүмкіндік береді.
Магистранттардың диссертациялық жұмыстарын қорғау Сеченов университетінің базасында өтті, оның қорытындысы бойынша түлектер «Фармацевтикалық экология» бағыты бойынша магистр дипломдарын алды. Біздің түлектерімізді - Абдукаримова Камола мен Нвафор Валентинді Сеченов университеті мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының дипломдарымен құттықтаймыз!
Сеченов университетінің А.П. Нелюбин атындағы Фармация Институты және ОҚМА қызметкерлеріне осындай өзекті, әрі перспективты екі дипломдық білім беру бағдарламасын бірлесіп әзірлеуге және енгізуге атсалысқаны үшін алғысымызды білдіреміз!