Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары MedClub еріктілік жобасын жүзе...
19 мамыр 2026
1
0
0

MedClub еріктілік жобасын жүзеге асыру

2026 жылдың ақпан айынан бастап «ОҚМА» АҚ білім алушылары М.А. Егамбердыева (ВМ-МОА-08-22) және Khan Tehreem (ВМ-МША-12-23) «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі, PhD, қаум.профессор Д.М. Кульмирзаеваның жетекшілігімен American Corner Shymkent орталығының еріктілері ретінде MedClub медициналық клубының тегін сабақтарын апта сайын (әр жексенбі) орыс және ағылшын тілдерінде өткізіп келеді. Шымкент қаласының мектеп оқушылары, студенттері үшін ұйымдастырылады.

MedClub-тың негізгі мақсаты – медициналық мамандыққа қызығушылықты дамыту, жастардың медициналық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
MedClub сабақтары адам анатомиясы мен физиологиясы, аурулардың алдын алу, алғашқы медициналық көмек көрсету, жүрек-өкпе реанимациясы, хирургиялық тігіс салу бойынша шеберлік сабақтары және қатысушылардың қызығушылығына қарай басқа да тақырыптар бойынша дәрістік және практикалық бөлімдерді қамтиды.
Іс-шараларға қатысушылар жоғары қызығушылық танытып, талқылауларға белсенді қатысады және сабақтардың форматын оң бағалайды.
MedClub жобасы медициналық білім беру мен жастар арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ студент-еріктілердің кәсіби және коммуникативтік дағдыларын, практикалық тәжірибесін дамытуға ықпал ететін маңызды әлеуметтік және білім беру бастамасы болып табылады.

Пікірлер орны (0)