Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Медицина қызметкерлері күні ат...
18 маусым 2026
1
0
0

Медицина қызметкерлері күні аталып өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесіне арналған жиын өтті. Іс-шараға «ОҚМА» АҚ-ның дара құрылтайшысы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Серікжан Сейтжанұлы Сейтжанов қатысып, медицина саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты жиын барысында академия қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттарымен және құрылтайшының арнайы алғыс хатымен марапатталды.


ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Алғыс хатымен» медициналық колледжі «Клиникалық пәндер-1» кафедрасының меңгерушісі Ақтоты Коптаева мен Бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу бөлімінің меңгерушісі Дана Әуезханқызы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен» неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының доцент міндетін атқарушы Гүлнар Мустапаева мен жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті Лаура Сарыпбекова марапатталды. 
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі тәжірибелік дағдылар орталығының басшысы Нұрлан Қалменовке, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалі микробиология, аллергология және иммунология кафедрасының меңгерушісі Бибігүл Сейтхановаға, «Еңбек ардагері» медалі фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының профессоры Намазбай Ормановқа тапсырылды.
Академия құрылтайшысы Серікжан Сейтжанұлы Сейтжановтың арнайы «Алғыс хатымен» бірқатар қызметкерлер марапатталды. 
Мерекелік жиын барысында Фармация ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Айшабибі Дүйсенбекқызы Қаржаубаева «ОҚМА» АҚ дара құрылтайшысы Серікжан Сейтжанұлы Сейтжановтың 2 миллион теңгелік арнайы сертификатына ие болды.

Салтанатты кеште оқу орнының ректоры Жанна Сейтжанова құттықтау сөз сөйлеп, KPI көрсеткіштері бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады. Медбиофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Марина Иванова, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жанат Нұржанбаева, Фармацевтикалық өндіріс технологиясы кафедрасының профессоры Ботагөз Торланова, Отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі Жұмалы Қауызбай, Шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Айзат Сейдахметова, Микробиология, аллергология және иммунология кафедрасының меңгерушісі Бибігүл Сейтханова, Дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасының профессоры Күлпан Орынбасарова «Үздік оқытушы – 2026» номинациясының иегері атанды.
«Үздік ғалым – 2026» номинациясы Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі Сәуле Ордабаеваға, Фармацевтикалық өндіріс технологиясы кафедрасының профессоры Лейла Мусабековаға, Фармацевтикалық өндіріс технологиясы кафедрасының профессоры Ботагөз Торлановаға, Фармация ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Күлпан Орынбасароваға, Интернатура деканатының деканы Қанатжан Кемелбековке тапсырылды.
«Үздік тәлімгер – 2026» аталымымен Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы Әзиза Жақыпова, Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы Құралай Шадиева, Дене тәрбиесі орталығының меңгерушісі Орынбасар Әшірбаев, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жанат Нұржанбаева, Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі Амангелді Сатаев марапатталды.
«Үздік кафедра – 2026» номинациясына Дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасы, Педиатрия-2 кафедрасы, Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы, Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы және Шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасы ие болды. Барлық жеңімпаздар мен марапат иелеріне қаржылай сый-сияпат жасалды.
Мерекелік кеште медицина ғылымдарының докторы Елжан Біртанов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар қызметкерлерге оқу орнының ректоры Жанна Сейтжанованың Алғыс хатын табыстады.

Пікірлер орны (0)