Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Медицина саласындағы білім ал...
5 мамыр 2026
1
0
0

«Медицина саласындағы білім алушыларға мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің технологиялары» атты әдістемелік семинар

29.04.2026 жылы қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Медицина саласындағы білім алушыларға мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің технологиялары» атты әдістемелік семинар өткізілді.
Семинардың алғы сөзін ОҚМА тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының доцент м.а. Е.Қ.Сәлім ашып, мемлекеттік тілді медицина саласында қолданудың тиімді моделін қалыптастыру, оқу үдерісін кәсіби бағытта жаңғырту және тілдік дайындықтың сапасын арттыру туралы айтып өтті.

Шет тілдері кафедрасының меңгерушісі доцент м.а., ф.ғ.к. Г.К. Жумагулова, қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының доцент м.а. ф.ғ.к. Г.К.Темирбекова мен кафедраның аға оқытушылары А.Т.Абдуллабекова, К.Б.Шадиева, А.С.Жакипова, Д.Ж. Кемелхан және шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Д.Н.Абиева тыңдаушыларға өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, баяндамаларын оқыды.
Семинарда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолданудың алғышарттары, орыс және ағылшын тілдерін оқыту тәжірибесімен ұштастыра отырып, мемлекеттік тілді меңгертудің тиімді үлгілері ұсынылды. Тілдік ойындардың коммуникативтік қызметі де тәжірибелік құрал ретінде жоғары бағаланды.
Семинарға белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Пікірлер орны (0)