Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Медицина саласындағы жаңа бағ...
13 қазан 2025
9
0
0

«Медицина саласындағы жаңа бағыттар мен заманауи мүмкіндіктер»

2025 жылдың 8 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады. «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оларды түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты бұл маңызды құжатта ел дамуының жаңа бағыттары мен медицина саласындағы өзекті міндеттер айқындалған.  Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар конференциясында сөйлеуінде білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізуді тапсырды. Жолдауға қолдау көрсету мақсатынада, жергілікті Hantv  телеарнасына  «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы  Нуржанбаева Жанат Оралбайқызы, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Аширов Шадияр Алдиярұлы  және «Мейіргер ісі» мамандығының 1 курс магистранты Өміртай Гүлнүр өздерінің  сұхбаттарын беріп, пікірлерімен бөлісті.   Сұхбат барысында Жолдауда айтылған бастамалардың денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге және медициналық білім сапасын арттыруға зор серпін беретінін атап өтті.  Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұсынған әлеуметтік бастамалар – әсіресе, ғылым мен медицинаны дамыту, жас мамандарды қолдау және адам капиталының сапасын арттыруға бағытталғанын ерекше атап өтті. Қазіргі таңда елімізге білікті дәрігерлер мен ғылыми кадрлар аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда, медициналық білім беру жүйесін жаңғырту, болашақ мамандарды кәсіби тұрғыдан даярлау және оларды қолдау шараларының кеңеюі – отандық денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында медицина және фармацевтика саласын дамытуға да ерекше тоқталды. Жиында бұл міндетті жүзеге асыруда біздің оқу орнымыз да шет қалмай, өз үлесін қосып келе жатқаны айтылды. Атап айтқанда, медицина және фармацевтика мамандарын даярлау сапасын арттырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру және отандық дәрілік заттар өндірісі үшін қажетті кадрлық әрі ғылыми базаны қалыптастыру жолында белсенді жұмыс атқарылуда. Сондай-ақ, Президент Жолдауында ғылымның дамуына ерекше көңіл бөлінгені қуантады. Ғылыми зерттеулерді қолдау, жас ғалымдарға гранттық мүмкіндіктер беру және ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту – бұл еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды қадамдар. ОҚМА-сы  осы бағытта жастар арасында ғылыми ізденістерді ынталандыруға және ғылыми-зерттеу жұмыстарына білім алушыларды  кеңінен тартуға басымдық беріп келеді.  Қорыта айтқанда,  ОҚМА-ң ұжымы және білім алушылары  ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын бұл Жолдауды толық қолдай отырып, оның жүзеге асуына өз үлесін қосуға дайын екенін жеткізді.

Пікірлер орны (0)