Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Медициналық білім беру шекарас...
5 наурыз 2026
1
0
0

Медициналық білім беру шекарасын кеңейту

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (ОҚМА) білім беруді интернационализациялау стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асыруда, оның негізгі элементтерінің бірі – шақырылған профессорлар бағдарламасы (visiting professor). Осы бағдарлама аясында академияға белгілі ғалым әрі клиницист, медицина ғылымдарының докторы, Сеченов университетінің А.П. Нелюбин атындағы Фармация институты фармакология кафедрасының профессоры Самородов Александр Владимирович келді.
Сапар 2026 жылдың 16 ақпаны мен 27 ақпаны аралығында өтіп, студенттер, магистранттар, резиденттер және профессор-оқытушылар құрамы үшін маңызды оқиға болды.
А.В. Самородовты шақырудың негізгі мақсаты — халықаралық ынтымақтастықты тереңдету, озық ғылыми әзірлемелермен және клиникалық тәжірибелермен танысу, сондай-ақ халықаралық тәжірибені интеграциялау арқылы білім беру процесінің сапасын арттыру болды. Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы дайындаған сапар бағдарламасы бірнеше маңызды міндеттерді шешуге бағытталды:
• Барлық білім беру деңгейіндегі білім алушылар үшін дәрістер циклін оқу.
• Оқытушылар мен жас ғалымдар үшін ғылыми семинарлар өткізу.
• Академия кафедраларында жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерге консультациялық және сараптамалық қолдау көрсету.
Бірлескен жарияланымдар мен гранттық жобалардың мүмкіндіктерін талқылау.
А.В. Самородовтың ОҚМА-да болуы өте нәтижелі болды.

Қонақ «Life Science нарығы. Дәрілік заттардың өмірлік циклі» тақырыбында ашық дәрістер циклін оқып, бұл аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Магистранттар, резиденттер мен оқытушылар күрделі материалдың қолжетімді түрде берілгенін және жетекші шетелдік маманға сұрақ қою мүмкіндігін ерекше атап өтті.


Сапар барысында академия басшылығымен, декандармен және кафедра меңгерушілерімен бірқатар кездесулері өтті. «Жүрек орталығы» клиникасында, №2 қалалық ауруханада және ОҚМА клиникалық-диагностикалық зертханасында ғылыми зерттеулер жүргізу перспективалары талқыланды.

Жарияланым белсенділігі мәселелеріне және халықаралық гранттарға бірлескен өтінімдер дайындау мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар академиялық алмасуды дамытуды жалғастыруға, соның ішінде оқытушылар мен білім алушылар үшін тағылымдамалар ұйымдастыруға, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге келісті.
А.В. Самородов сияқты мамандарды шақыру — бұл жай ғана өткінші оқиға емес, ОҚМА-ның әлемдік білім беру және ғылыми кеңістікке интеграциялану бойынша жүйелі жұмысының маңызды бөлігі. Бұл студенттер үшін оқудан қол үзбей халықаралық стандарттармен танысуға бірегей мүмкіндік, ал оқытушылар үшін зерттеу серіктестерін табуға және біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Пікірлер орны (0)