
2026 жылдың 12 маусымында Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің этноаралық қарым-қатынас тілі ретінде рөлін күшейту, ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты қалалық байқауы өткізілді.
Байқауға ОҚМА-ның атынан медицина факультетінің 1 курс В-ПО-03-25 тобының білім алушылары Давранова Зилола Хайруллақызы мен Ахмедова Аида Искендеровна қатысты. Д.Ж.Кемелхан қатысушыларға жетекшілік етті.

Қатысушылар екі кезең бойынша бақ сынады:
1. Үздік цифрлы контент – жасанды интеллект құралдарын пайдаланып әзірленген аудиовизуалды жұмыстар ұсынылды;
2. Қазақ тілін үйретудегі тиімді әдістер – қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тіл меңгертудің үздік тәсілдерін көрсетті.
Аса тартысты өткен байқаудың қорытындысы бойынша ІІІ орынды Давранова Зилола Хайруллақызы иеленді. Ахмедова Аида Искендеровна алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің тірегі!
