
“Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер” кафедрасының доцент м.а. Г.С.Айдарбекова 2 курс Медицина БББ студенттерімен «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің жеке жетістікке жету жолындағы жауапкершілігін арттыру, мотивациясын күшейту, сондай-ақ болашақ дәрігер ретінде кәсіби және тұлғалық даму маңыздылығын түсіндіру болды.
Дөңгелек үстел барысында студенттер өздерінің оқу үдерісіндегі жетістіктері, қиындықтарды жеңу тәжірибелері және алға қойған мақсаттары туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, табысқа жетудің негізгі факторлары – еңбекқорлық, үздіксіз даму, уақытты тиімді пайдалану және мақсат қоя білу екендігі атап өтілді.
Г.С. Айдарбекова студенттерге өмірлік және кәсіби даму жолында жүйелі түрде еңбектенудің маңызын түсіндіріп, әрбір жетістік – жеке еңбектің нәтижесі екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, болашақ медицина мамандары үшін жауапкершілік пен тұрақты өзін-өзі жетілдірудің рөліне тоқталды.
Іс-шара еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өз ойларын ашық білдіріп, сұрақтарын қойып, белсенді қатысу көрсетті. Дөңгелек үстел жастарға үлкен мотивациялық әсер беріп, олардың оқу мен кәсіби дамуға деген қызығушылығын арттырды.