Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Мэриленд Университеті Медицина...
12 мамыр 2026
1
0
0

Мэриленд Университеті Медицина Мектебі профессорының ОҚМА инфекциялық аурулар кафедрасына сапары

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы және халықаралық бірлескен ғылыми-техникалық жобаны іске асыру аясында 2026 жылғы 4–8 мамыр аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының инфекциялық аурулар кафедрасына University of Maryland School of Medicine профессоры Мохаммед Саджади ресми сапармен келді.
Сапар барысында инфекциялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Абуова Г.Н., доцент Бердалиева Ф.А. және зертхана меңгерушісі Юрикова О.Ю.-мен бірлесіп Қырым геморрагиялық қызбасы вирусына қарсы антиденелерді анықтау, олардың қорғаныштық механизмдерін зерттеу бағытында бірқатар күрделі зертханалық талдаулар жүргізілді. Аталған зерттеулер Қазақстанның эндемиялық аймақтарында ҚГҚ-ны диагностикалау мен алдын алу тәсілдерін жетілдіруге бағытталған халықаралық ғылыми жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.
Сонымен қатар профессор Мохаммед Саджади «Жалпы медицина» факультетінің 4-курс студенттеріне тәжірибелік сабақтар өткізіп, ғылыми пікірталастар ұйымдастырды. Сабақ барысында аса қауіпті, табиғи-ошақты және зоонозды инфекциялар саласындағы заманауи әлемдік ғылыми жетістіктер, инфекциялық ауруларды молекулалық диагностикалаудың жаңа бағыттары мен болашағы талқыланды.
Америкалық профессордың сапары халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, кафедраның ғылыми әлеуетін арттыруға және ОҚМА-ның жетекші шетелдік ғылыми-білім беру орталықтарымен академиялық байланыстарын кеңейтуге маңызды үлес қосты.

Пікірлер орны (0)