
15.05.2026ж. “Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер” кафедрасының ұйымдастыруымен 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Мықты отбасы – қоғамның берік тұғыры» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, жастарға өнегелі тәрбие беру, ата-ана жауапкершілігін арттыру және қоғамдағы отбасының рөлін талқылау.
Дөңгелек үстелде кафедраның ғалым ұстаздары Сахов С.М., Айдарбекова Ғ.С., Нуржанбаева Ж.О. отбасылық құндылықтар, ұлттық тәрбие, отбасы институтының қоғамдағы маңызы туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Сонымен қатар, жастар тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен отбасы бірлігінің қоғам тұрақтылығына әсері жан-жақты талқыланды.
Жиын барысында қатысушылар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтау және жас ұрпақты тәрбиелеудегі отбасының айрықша рөлі туралы айтқан ой-пікірлерін негізге ала отырып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады. Президент отбасының қоғамның негізгі тірегі екендігін, берік отбасы – тұрақты әрі дамыған мемлекеттің кепілі екенін үнемі атап өтетіні белгілі.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық тәрбие негіздерін күшейту және жастардың бойында жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.