Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Нашақорлық пен лудоманияның ал...
26 мамыр 2026
1
0
0

Нашақорлық пен лудоманияның алдын алу

Фармацевтикалық және токскиологиялық химия кафедрасымен ҚР ӘМ «Сот сараптамалары орталығы» РМҚК Шымкент қаласы бойынша «Сот сараптамалары институтының» заңгері Дербисов Самат Хабибуллаевич және химик - сарапшы Махмудов Атхамбек Акраловичтың қатысуымен студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамда өзекті мәселелердің бірі болып табылатын нашақорлық пен лудоманияның алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мамандар жастарға есірткі заттарының адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және әлеуметтік өміріне тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, құмар ойындарға тәуелділіктің адам өміріне, қаржылық жағдайына және отбасылық құндылықтарға кері әсері кеңінен түсіндірілді.

Жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, дұрыс өмірлік таңдау жасау және жауапты мінез-құлық қалыптастыру мәселелерін талқылады. Спикерлер студенттерге бос уақытты тиімді пайдалану, спортпен айналысу, рухани және интеллектуалдық дамуға көңіл бөлу секілді пайдалы әдеттердің маңыздылығын атап өтті.

Шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен ашық пікір алмасты. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттырып, зиянды тәуелділіктердің алдын алуға, сондай-ақ қоғамда саналы әрі жауапты ұрпақ қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Пікірлер орны (0)