Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Нашақорлық пен маскүнемдіктің...
7 қазан 2026
1
0
0

Нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алуға арналған кездесу өтті


Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу мақсатында ақпараттық кездесу өтті.

«Нашақорлық пен маскүнемдіктің зияндылығының алдын алу және оның зардаптары» атты тақырыпта ұйымдастырылған іс-шараға "Психикалық денсаулық орталығының" дәрігері Баймурунова Раушан Асанқызы, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты "ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың" педагогы Джарасбай Аяжан Қалдыбекқызы, сондай-ақ Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің маманы Аман Мұқтархан Төлегенұлы қатысты.

Кездесу барысында мамандар жастарға есірткі заттары мен алкогольдік ішімдіктердің адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және әлеуметтік өміріне тигізетін кері әсері туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, тәуелділіктің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы түсіндірілді.

Іс-шара барысында қатысушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Пікірлер орны (0)