Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Нашақорлыққа күрес қоғамға қо...
8 қазан 2025
10
0
0

«Нашақорлыққа күрес қоғамға қосқан үлес» ақпараттық сағат

7-қазан, 2025 жыл Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында жастар мен студенттер арасында қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Нашақорлықпен күрес – қоғамға қосқан үлес» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды . Іс –шараға қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.С.Жакипова және В-СО-10-25 стоматология факультетінің 1 курс білім алушылары қатысты. Кітапхана қызметкерлері тақырып төңірегінде кеңінен түсіндіріп өтті және жастардың рухани және адамгершілік тұрғыдан дамуына бағытталған маңызды әңгіме өрбіді. Шара барысында қатысушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасы мен қоғамға тигізетін зияны туралы кең көлемді ақпарат беріліп, нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Кездесу қонақтары Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» маманы Байкасова Айгүл Тілеуханқызы, дәрігер психиатр-нарколог Баймурунова Раушан Асановна, аға оқытушы А.С.Жакипова кең көлемде мағлұматтар берді. «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты бейнеролик көрсетіліп, студенттер тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Мамандар жастармен еркін сұхбат жүргізіп, зиянды әдеттерден сақтану жолдарын түсіндірді, өмірлік маңызды кеңестер берді. «Салауатты өмір салты жарқын болашақтың кілті!» деген ұранмен үндеу жасалып, әрбір жастың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауының маңыздылығы жайы да ерекше аталып өтілді.

Пікірлер орны (0)