
2026 жылғы 18–23 мамыр аралығында Назарбаев Университеті базасында Назарбаев Университетінің Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы ұйымдастырған «Заманауи мансаптық кеңес беру және мансап орталығын басқару» біліктілікті арттыру бағдарламасы өтті. Бағдарлама мансаптық кеңес берудің заманауи тәсілдерін, еңбек нарығын талдауды, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды, түлектердің жұмысқа орналасуын мониторингтеуді, сондай-ақ мансап орталықтарының қызметіне цифрлық технологиялар мен AI-құралдарын енгізу мәселелерін зерделеуге бағытталды.
Бағдарлама спикерлері ретінде мансаптық кеңес беру және мансап орталықтарын басқару саласындағы жетекші халықаралық және қазақстандық сарапшылар, оның ішінде Назарбаев Университетінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, QSamruk ұйымының өкілдері, сондай-ақ Австралия, Сингапур, Вьетнам, Ресей және Болгария елдерінің халықаралық білім беру ұйымдары мен HR-компанияларының мамандары қатысты. Курс аясында қатысушылар мансаптық сервистерді ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін, студенттер мен түлектерді сүйемелдеудің заманауи әдістерін, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл тетіктерін, еңбек нарығын талдау әдістерін (Labour Market Intelligence), сондай-ақ білім алушылардың мансаптық даярлығын дамыту тәсілдерін зерделеді. Оқыту интерактивті форматта өтіп, дәрістерді, семинарларды, топтық талқылауларды, кейстерді талдауды, практикалық тапсырмаларды және Moodle білім беру платформасындағы жұмыстарды қамтыды.
Біліктілікті арттыру бағдарламасына «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ Мансап бөлімінің меңгерушісі Юнусметов Элдор Шавкатович қатысты.

Курс қорытындысы бойынша студенттер мен түлектерді мансаптық сүйемелдеу жүйесін жетілдіруге, жұмысқа орналасуды мониторингтеудің аналитикалық құралдарын енгізуге, жұмыс берушілермен өзара байланысты күшейтуге және мансап орталықтарының цифрлық сервистерін дамытуға бағытталған жоба әзірленді. Қорытынды жоба сараптамалық комиссия алдында сәтті қорғалып, бағдарлама ұйымдастырушылары тарапынан оң бағасын алды. Бағдарлама соңында барлық қатысушыларға 80 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы сертификаттар табысталды.
