
2026 жылғы 03–05 наурыз аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында (Шымкент қ.) Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі (НААР) ұйымдастыруымен білім беру бағдарламаларын тәуелсіз ұлттық аккредиттеу рәсімі өткізілуде. Аккредиттеу аясында 8D10141 «Медицина» докторантура білім беру бағдарламасына, сондай-ақ резидентураның келесі білім беру бағдарламаларына сыртқы сараптамалық бағалау жүргізілуде: 7R01137 «Неврология (ересектер, балалар)», 7R01120 «Нейрохирургия (ересектер, балалар)», 7R01124 «Онкология (ересектер)», 7R01125 «Травматология және ортопедия (ересектер, балалар)», 7R01128 «Оториноларингология (ересектер, балалар)», 7R01130 «Педиатрия», 7R01131 «Неонатология». Аккредиттеу білім беру бағдарламаларының ұлттық және халықаралық медициналық білім беру сапасы стандарттарына сәйкестігін растауға бағытталған.