
2026 жылғы 6–9 қазан аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында халықаралық сарапшылар, ғылыми деректер мен аналитика саласындағы зерттеуші және стратегиялық жоспарлаушы — Prof. Tomasz Bączek және Dr. Mohammad Reza Saeb (Medical University of Gdańsk, Poland) визитингі өтеді.
Сапар аясында үш негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі:
– Гранттық өтінімдер мен жобалық ұсыныстарды сараптамалық қарау
Жоба авторларымен жеке консультациялар өткізу, өтінімдерді сараптамалық талқылау және гранттық конкурстарға қатысу үшін оларды одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар беру.
– Ғылыми семинарлар және зерттеу құзыреттерін дамыту
7 және 8 қазанда Dr. Mohammad Reza Saeb Global Burden of Disease, Research Strategy, зерттеу жобаларын дамыту және ғылыми жарияланымдар мәселелеріне арналған ғылыми семинарлар өткізеді.
– Зертханалардың стратегиялық дамуы және операциялық жоспарларын талқылау
Құрылымдық бөлімшелердің стратегиялық мақсаттары мен міндеттері, Research Center for Pharmacy стратегиялық дамуы мен операциялық жоспары, сондай-ақ South Genetics and Clinical Laboratory зертханасын одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.
«ОҚМА» АҚ қызметкерлерін, зерттеушілерін және білім алушыларын жоспарланған ғылыми семинарлар мен сапар аясындағы іс-шараларға қатысуға шақырамыз.