
ОҚМА қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Ақыл, жүрек, қайрат – болмыс формуласы» атты мерекелік іс- шара өткізілді . Іс- шараға Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Тастанов Берік Рахманәліұлы қатысып, өз құттықтауын жеткізді. Қазақ тілі – біздің рухани байлығымыз , ұлттың жаны. Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады, олардың бәрін бірлікте ұстайтын басты құрал – тіл. 1997 жылы қабылданған «ҚР тілдер туралы заң» бойынша қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесіне иеленді. 5 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні ретінде атап өтіледі. Бұл мерекенің негізгі мақсаты – еліміздегі мемлекеттік тілді , яғни қазақ тілін , сондай-ақ басқа да ұлттардың тілдерін дамытуға , құрметтеуге және насихаттауға арналған іс шара . Іс-шара Қазақстан республикасының әнұранымен басталды, сонымен қатар халық күйі «Балбырауын», тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқу, «Үнді биі», фортепианода орындау, өзге ұлт өкілдерінің тілге деген құрметі, укулеле аспабында орындау «Махаббатым», «Халық биімен» тамашаланды. Белсенді қатысушыларға академия атынан сертификаттар табысталды.
