
2026 жылдың 22 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында алыс шетелдерден келген 1–5 курс білім алушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі мен заң талаптарын сақтау мәселелеріне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – шетелдік білім алушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, көші-қон талаптары, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде жан-жақты түсінік беру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Кездесуге оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы қатысып, білім алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізетін сала мамандарын таныстырды.
Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар:
🔹 Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Өмірбеков Бауыржан Өмірбекұлы;
🔹 Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Кошанов Ернар Жомартұлы;
🔹 Әл-Фараби ауданы прокуратурасының прокуроры Ерментай Нұржігіт Ғалымжанұлы.
Кездесу барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде болу, көші-қон режимін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң алдындағы жауапкершілік туралы маңызды ақпараттар берілді.
Осындай кездесулер шетелдік білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың Қазақстандағы қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруіне және заң талаптарын саналы түрде сақтауына ықпал етеді.