2025 жылғы 1 қазанда Шымкент қаласында фармация мен клиникалық фармакология саласындағы жетекші мамандарды біріктіретін дәстүрлі «Фармацевт академиясы» VIII Халықаралық фармацевтикалық форумы өтті.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының (ОҚМА) фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының оқытушылары форум жұмысына белсене қатысты. Делегация құрамында: Абуова Г.Т. – б.ғ.к., доцент м.а.; Пернебекова Р.К. – PhD, профессор; Сырманова Н.Р. – медицина ғылымдарының магистрі, аға оқытушы; Дустанова Ж.Т. – аға оқытушы.
Ерекше атап өтуге тұрарлық тұлға – Абуова Гүлнара Турғанбайқызы. Ол «Фармацевтикалық демеу» кітабының авторларының бірі, сондай-ақ Қазақстанда клиникалық фармацевт траекториясының негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Ол клиникалық фармацияның заманауи тәсілдерін белсенді түрде насихаттап, фармацевтикалық демеу мен клиникалық фармацевтиканы медициналық тәжірибеге енгізу мәселелеріне арналған бірнеше ғылыми мақалалардың авторы.
Форум аясында кафедра өкілдері Күзденбаева Раиса Салмағанбетқызы, ҚР «Клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығы» РҚБ президенті, сондай-ақ Аудекова Тазагүл Римқызы, фармацевтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушымен кездесті.
Кездесу барысында саланың өзекті бағыттары талқыланды, оның ішінде: • фармацевтикалық қамқорлық жүйесін жетілдіру; • клиникалық фармацияның заманауи тәсілдерін енгізу; • болашақ мамандарды даярлауда фармакологиялық білімнің рөлін күшейту.
Форумға қатысу кафедра оқытушыларына кәсіби байланыстарды кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және фармация мен медицинаның дамуына жаңа ынтымақтастық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.